«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтері туралы есебі.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы ақпарат.
Көрсетілетін қызметті беруші: "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қонысбай ауылы, Габдуллин көшесі, 25.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар: білім бөлімінің құрылымына кіретін білім беру ұйымдары
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебіне көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 2025 жылы мемлекеттік көрестілген қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Мектеп білім беру саласында 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы мемлекеттік қызмет бойынша 34 қызмет көрсетілді.
Электронды үкімет порталы арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 7 қызмет;
Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-27 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрі ("Электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0 қызмет.
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түр ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
2. Қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ стендінен, мектептің http://sc0001.zerenda.aqmoedu.kz/ сайтынан, сондай-ақ Instagram және Facebook парақшаларынан алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.Мектептің сайтында "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп «Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікірлер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл ішінде тұрғындарға сұранысқа ие қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир жүргізілді.
2025 жылы «Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік желілерде 4 жарияланым болды. Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жақсарту шаралары.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша техникалық оқуға қатысқан мектеп қызметкерлері мен қызмет көрсетушілер саны 1 қызметкер оқытылды: 2025 жылы техникалық оқу өткізілген жоқ. " Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1)Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша бұзушылық анықталды, жауаптылар жазаланды, бұдан әрі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзбауға міндеттенеміз.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жылы бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік органдар азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «қызметтік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген және мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың қызмет сапасына қанағаттануы болып табылады. 2026 жылы “Гранитный кентінің негізгі орта мектебі” КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры Касымова Г.Н.
/public/files/2026/2/27/270226_133932_otchet-po-gosuslugamza-2025-g-osh-skonysbay-rus1.docx
/public/files/2026/2/27/270226_133949_otchet-po-gosuslugamza-2025-g-konysbay-ghobbm-kaz.docx